(Әңгіме)Үкілім – әжесінің қызы. Есімін де әжесі қойған. Немересі десе Қаламқас әжейдің де жаны...
Жүніс Емре/ Жалған дүние
1742
***
Білемін сені жалған дүниесің:
әулиелерді алған дүниесің.
Қашқан құтылмас сенің қолыңнан:
темір торларды салған дүниесің.
Сүйіктімді алып, мені жылатып,
жүзіме қарап күлген дүниесің.
Сүлеймен тағын қиранды қылып,
момындар мойнын бүккен дүниесің.
Диірмен аспан тұрады айналып:
сен оны судан қысқан дүниесің.
Аспанмен бірге шарқ ұрар Жүніс
шарықты және бұзған дүниесің...