«53 адам қайтыс болды». Белгісіз аурудан адамдар жаппай қырылып жатыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
4247

Конго Демократиялық Республикасында жарғанат етін жеген 53 адам қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Конго Демократиялық Республикасында жарғанат етін жеуден кейін 53 адамның көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, бұл оқиға шалғай ауылдарда орын алған. Қазіргі уақытта аурудың себебі анықталу үстінде.

Оқиғаға байланысты тіркелген негізгі белгілер мыналар: қызу көтерілуі, құсу және мұрыннан қан кету. Бұл белгілер байқалғаннан кейін екі тәулік ішінде науқастардың көпшілігі қайтыс болған. Бұған қоса, бес жасқа толмаған үш бала да осы аурудан көз жұмған.

Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша, тұрғындар өлген жарғанат етін тұтынған болуы мүмкін. Қазіргі таңда мамандар тұрғындардың жаппай улануының нақты себебін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...