Мәскеу облысының Орехово-Зуево қаласында полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені өлтіруге оқталды...
Шұғыл! Тибеттегі жер сілкінісінен 53 адам қаза тапты
ашық дереккөзден алынған
2018
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық аймағында, Непалмен шекараға жақын маңда магнитудасы 7.1 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Шигадзе қаласынан 163 км қашықтықта, Тибет автономиялық аймағындағы екінші үлкен қалада орналасқан. Зілзаланың ошағы 10 км тереңдікте болды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәліметтер уақыт өткен сайын жаңарып жатыр.
Соңғы ақпараттар бойынша Тибет автономиялық аймағында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 53 адамға жетіп, 62 адам жарақат алғаны белгілі болды. Бұл туралы Xinhua ақпарат агенттігі хабарлады. Ал эпицентр орналасқан Тингри ауданында 1 000-нан астам үй қираған.