Аңызға айналған миллиардер-гольфшы Тайгер Вудс тағы да қамауға алынды

ашық дереккөз

Әлем
802

АҚШ-тың аңызға айналған гольфшысы Тайгер Вудс Флорида штатындағы Джупитер-Айлендтегі үйінің маңында Land Rover көлігі аударылып кеткеннен кейін мас күйінде көлік жүргізді деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды  MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Reuters агенттігі Мартин округі шерифі кеңсесіне сілтеме жасап мәлімдеген. Бірнеше сағаттан кейін гольфшы кепілмен босатылды.

Шериф Джон Буденсиктің айтуынша, 50 жастағы Вудс жоғары жылдамдықпен тіркемесі бар жүк көлігін басып озбақ болған кезде оның артқы бөлігіне соғылып, салдарынан көлігі бір бүйіріне аударылған. Спортшы құқық қорғау органдары қызметкерлері келгенге дейін жолаушы есігі арқылы сыртқа шыққан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...