Германияда Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылды

Адырна

Әлем
439

Германияда Хайденау қаласының маңындағы Эльба өзенінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен қалған бомба табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы «Адырна» жазды. Жарылғыш заттарды залалсыздандыру қызметінің мәліметінше, салмағы 250 келі болатын авиациялық бомба залалсыздандырылмақ. Осыған байланысты табылған жердің айналасындағы 1000 метр радиустағы аумақты эвакуациялау жоспарланып отыр.

Полицияның хабарлауынша, оқ-дәрінің табылу жағдайы оны жоспарлы түрде залалсыздандыруға мүмкіндік бергендіктен, шұғыл эвакуация жүргізу қажеттілігі туындамаған.

Айта кетейік, жуырда Германияның Гессен жерінің оңтүстігіндегі Требур қаласында жаяу жүргінші Рейн өзенінің жағасынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен қалған фосфорлы гранатты тауып алған еді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жеті ителгіні Қатарға заңсыз әкетпек болған үш адам жеті жылдан бас бостандығынан айырылды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...