Сирия президенті Башар Асад ел астанасынан кетіп қалды

Сурет: https://ont.by

Әлем
1924

Сирия президенті Башар Асад ел астанасынан ұшақпен шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Асад жексенбі күні Дамаскіден белгісіз бағытқа ұшып кеткен. Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы оның сенбі күні кешкі сағат онда қаладан шыққанын хабарлады.

ВВС-дің жазуынша, сириялық көтерілісшілер Дамаскіге солтүстік пен оңтүстіктен жақындап келеді. Көтерілісшілер өздерінің Telegram-арнасында Дамаск маңында орналасқан Сайедная түрмесін басып алып, онда қамаудағы тұтқындарды босатқанын мәлімдеген.

Айта кетейік, Сирияның оңтүстігіндегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты Иорданияның ішкі істер министрі шекара бекетін жабу туралы шешім қабылдады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...