Reuters - АҚШ үкіметі Huawei компаниясын қара тізімге енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін Google...
Павел Дуровқа 12 түрлі айып тағылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Павел Дуровтың Парижде ұсталуына байланысты Франция прокуратурасы баспасөз жиналысын өткізді. Жиында Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров ісі бойынша күдіктілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған, деп хабарлады madeniportal.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Француз билігінің сенбіден бергі алғашқы ресми түсініктемесіне сәйкес, Павел Дуровқа тағылуы мүмкін 12 айыпты атап шыққан. Оның ішінде құзырлы органдарға ақпарат беруден бас тарту, алаяқтық пен есірткі сатуға қатысының болуы, балалардың порнографиялық видеоларын сақтауға, киберқылмыстарға қатысуы және т. б. бар.
— Ұстау мерзімін тергеу судьясы 25 тамызда ұзартты және ұйымдасқан қылмысқа қатысты қылмыстарға қолданылатын тәртіпті ескере отырып, 96 сағатқа дейін (яғни 28 тамызға дейін) созылуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Франция президенті Эммануэль Макрон Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуы «саяси шешім» емес екенін мәлім етті.
— Мен Павел Дуров қамауға алынғаннан кейін Франция туралы жалған ақпаратты оқып жатырмын. Франция сөз және коммуникация бостандығына, инновация мен кәсіпкерлікке бұрынғыдан да көбірек еркіндік берген. Солай болып қала береді, — деп жазды Макрон X әлеуметтік желісінде.
Сот 28 тамызға дейін созылуы мүмкін.