Студенттер отырған автобус апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

batimes.com.ar

Әлем
2488

Жұма күні Бразилияның оңтүстігінде университет студенттері мен оқытушылары мінген автобус жолдан шығып кетіп, соның салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты, сондай-ақ тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. Аlmaty.tv.-ға сілтеме жасап.

Xinhua агенттігінің жазуынша, бұл туралы жергілікті өрт сөндірушілер мәлімдеген.

Оқиға Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы Имигранти қаласындағы RSC-453 мемлекеттік тасжолында, Аргентина және Уругвай шекарасына жақын жерде болған.

«Автобуста Бразилияның жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі Санта-Мария федералды университетінің студенттері мен оқытушылары болған», - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 қазан күні Әміре Қашаубаев атындағыдәстүрлі ән орындаушылардың республикалық байқауына қатысушыла...