«Кейін пышақтаған»: Жаңа туған шақалағын әжетхана тесігіне лақтырып жіберген ана ұсталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1265

Қырғызстанда шошытатын оқиға орын алды. Жаңа туған нәрестені дәретханаға лақтырып, кейін шығарып алып, пышақтаған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Баланың анасы кісі өлтіру күдігіне ілінді.

Бұл қайғылы жағдай Баткен облысында болған. Құқық қорғау органдары қылмысқа баланың анасын күдікті ретінде қарастырып отыр.

«Бірнеше күн бұрын Раззақов қаласында 18 жастағы қыз босанып, сәбиін дәретхананың шұңқырына тастаған. Кейін оны шығарып алып, өткір затпен жарақаттаған», – делінген хабарламада.

Қыз қазір ауруханада жатыр.

Күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталғаны белгілі, алайда қазіргі уақытта ол ауруханада ем қабылдап жатыр.

Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған. Тергеу амалдары жалғасуда.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...