Таиландтағы мектептегі атыс салдарынан жеті адам қаза тапты

видеодан скрин

Әлем
337

Қаза тапқандардың қатарында үш мұғалім, үш оқушы және шабуыл жасаған адамның өзі бар. Тағы 15 адам жарақат алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Таиландтағы Дебсирин Нонтхабури мектебінде болған атыс салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды. Бұл туралы Thai PBS телеарнасы Нонтхабури провинциясының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қаза тапқандардың қатарында үш мұғалім, үш оқушы және шабуыл жасаған адамның өзі бар. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр.

Оқиға Бангкок қаласының солтүстігінде орналасқан Нонтхабури провинциясының Банг-Круай ауданындағы мектепте болған. Оқ атқан – осы мектептің оқушыларының бірі. Шабуылдан кейін ол өзіне қол жұмсаған.

18 жастағы оқушылардың бірі алғашқыда атылған оқтың дауысын петардалардың жарылысы деп ойлағанын айтты.

«Алғашында бұл атыс екенін түсінбедім. Оқ дауысы өте көп естілді. Біраздан кейін бәрі тыншығандай болды, бірақ көп ұзамай қайта басталды», – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үйдегі кезекті жинау жұмысы қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады: Алматыда салмағы 400 келіге жуық жы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғам қайраткері әрі әнші Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында кезінде өзіне...