Жаңа жыл күні француздар мыңға жуық көлікті өртеп жіберді

ашық дереккөзден алынған

Әлем
2164

Жаңа жыл түнінде Франция Республикасында вандалдар 984 көлікті өртеп, құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасады, деп хабарлады madeniportal.kz.

"... 420 адам ұсталды, 310 адам қамауға алынды", - деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Францияның Ішкі істер министрі Бруно Ретайо вандалдар көліктерді өртеп, сондай-ақ жандармерияға шабуыл жасау үшін мерекелік фейерверктерді қолданғанын айтты.

Қылмыскерлер мақсатсыз, кездейсоқ жүргіншілерге шабуылдаған. Лион қаласында балалар арбасына ұшып түскен бір фейерверк екі жастағы қыз баланы жарақаттады. Беті жарақаттанған ол ауруханаға жеткізілді.

Елде Жаңа жылдағы вандализмді басу үшін барлығы 90 000 құқық қорғаушы қызметке тартылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...