Димаштың жанкүйерлері поляк және қазақ тілінде кітапша шығарды

Ашық дереккөзден алынған

Әлем
1558

Польшадағы Димаш Құдайбергеннің Фан-клубы алғашқы «поляк-қазақ тілашарын» шығару арқылы мәдени байланыстарды нығайта түсті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Тілашар шығару идеясы «Димаш радиосында» өткізілген қазақ тілі курстары аясында басталған. Радио тыңдармандары осы курстың арқасында Қазақстанға сапар шегу сияқты тақырыптарда негізгі сөздер мен сөз тіркестерін үйренді. Курстар алматылық оқытушы Беглан Шарымбаевтың көмегімен өткізілді. Ол фан-клубқа сабақ өтіп, қазақша дұрыс сөйлеуді меңгеруге көмектескен.

Оқуды жеңілдету үшін поляк тіліндегі қазақ сөздерінің фонетикалық транскрипциясын дайындау – осы оқу процесінің ерекшелігі болды. Уақыт өте келе қатысушылар барлық жинақталған материалдарды біріктіріп, кітап шығаруға шешім қабылдаған.

Сөздікті әзірлеуге: қазақ тілі оқытушысы – Беглан Шарымбаев; иллюстратор – Ивона Опара-Стахолец; корректор – Ула Влодарск; қазақ тілі курстарының авторы, сонымен қатар жүргізушісі – Тереза Конкол қатысты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...