Ташкентте адам шошырлық оқиға болды

Ашық дереккөзден алынған

Әлем
299

Қаланың медициналық мекемелерінің біріне  пышақ жарақатын алған әйел мен оның 12 жастағы ұлы жеткізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz  Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер шабуылға ұшыраған. Әйелдің арқасына бірнеше жарақат салынса, ал оның ұлының кеуде қуысына ауыр жарақат тиген.

Дәрігерлер ананың жағдайын қалыпты деп бағаласа, баланың жағдайы ауыр.

Қазір медицина қызметкерлері зардап шеккендерге қажетті барлық көмекті көрсетуде.

Шабуылды отбасының жақын туыстарының бірі жасаған болуы мүмкін деген болжам бар. Жәбірленушілер тәртіп сақшыларына берген мәлімдемесінде осылай деген.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Құқық қорғау органдарының өкілдерінен ресми түсініктеме әлі түскен жоқ. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталуда.

Жаңалықтар

Әлемде тағы бір соғыс басталды. Руанда Конго Демократиялық Республикасына шабуыл жасады. Бірақ ола...

Жаңалықтар

Вашингтонда Потомак өзенінен ұшақ пен әскери тікұшақ соқтығысынан қаза тапқан 18 адамның денесі табы...