Баян Мақсатқызы жаңа қыздар тобын құруға кастинг жариялады

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2406

Баян Алагөзова Ерболат Беделханмен бірге жаңа қыздар тобына кастинг жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Танымал продюсер инстаграмдағы парақшасында пост жариялап, жаңалығымен бөлісті.

“Жаңа girls-бендке кастинг жариялаймыз. Бұл жәй ғана жоба емес, бұл - өзіңіз туралы өзіңіздің мәдениетіңіз бен ұлттық мұраңызды көрсету мүмкіндігі. Ерекшеленуден, ерекшелігіңізді көрсетуден қорықпаңыз. Бұл кастинг - кері шегінбейтін, алдына қойған мақсатынан қайтпайтын, сол мақсатқа жету үшін еңбек етуден жалықпайтын жандарға арналған. Өтінім қабылдау ашық!”, - деп жазған Баян Мақсатқызы.

Продюсер бұл посттан бөлек инстатарихында “осы жаңалықпен талантты таныстарыңыз болса бөлісіңіздер” деп толықтырып өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...