Бес баланың анасы балконнан секірген

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Әлеумет
2065

Астанадағы аулалардың бірінен әйелдің мәйіті табылған. Қайғылы оқиғаға көршілері мен өтіп бара жатқандар куә болған. Марқұмның жеке өмірінің егжей-тегжейін көршісі "Астана - Что? Где? Когда?" Telegram-арнасы айтып берген.  

Оның айтуынша, келіншектің бес баласы бар. Кенжесі – 1 жаста.  

"1990 жылғы әйелдің балконнан секіргеніне куә болдым. Бес баланың анасы, кішісі бір жаста. Күйеуі басқа қалаға кетіп қалып, онымен жанжал шыққан", – дейді ол. 

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, әйелдің мәйіті полицияға тапсырылды. 

"Оқиға орнына жедел медициналық бригада шақырылды. Медициналық топ келген кезде үйдің ауласынан әйелдің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, әйел жоғары қабаттан құлаған. Өмірге сәйкес келмейтін жарақаттан қайтыс болды", – делінген хабарламада. 

Полиция, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...