Ән арқылы да патриоттық сезімді тәрбиелеуге болады

Фото: ашық дереккөзден

ӘН
130

Патриоттық істің үлкен-кішісі жоқ. Ең бастысы адамның бойынша елге, жерге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік, жанашырлық болуы керек. Патриоттық сезім осындай қасиеттерден туындайды. Шынайы патриот ауыртпалық замандар төнгенде, сын сағаттары соққанда бейжай қарап тұра алмайды, ондай жағдайда олардың бойында елімнің бір керегіне жарасам, жоғын тауып берсем, жетпей жатқанын жеткізсем деген ой атойлап шыға келеді.

Жастардың бойында патриоттық сезімді сіңірудің жолы көп. Тек ниет пен осы мақсатта жүйелі жұмыс істеу қажет. Соның бір жолы – патриоттық әндер.  

Елімізде патриоттық өлеңдер мен ән байқаулары ұйымдастырылып жатады. Олардың ішінде шырқау шабыттың шыңынан туындаған, сәтті шыққан ән-өлеңдер жұрттың көңілінде сақталып, аузында қалып қояды. Ондай әндер жиын-тойларда шырқалғанда естушінің көңілін толқытып, түйсігін жаулап, сезімін ойнатады. Міне, естушінің жан-жүрегін бейқам қалдырмайтын осындай шығармалар адамның болмысына патротизмнің дәнегін себеді.

Рас, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында патриоттық әндер тапшы еді. Тіпті бұл проблема биік мінберлерден көтеріліп, үлкен мәселе болған. Күлесің бе, жылайсың ба, тіпті солдатқа барған сарбаздар әскерде сап түзеп кетіп бара жатып, махаббат әндер шырқайтынын да көргенбіз. Уақыт өте келе бұл мәселе де оң шешімін тапты. Ақындарымыз патриоттыққа тәрбиелейтін талай әндер жазды. «Бай болсаң елге пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін» демекші, осы тұрғыдан алғанда сазгерлеріміз бен әншілеріміз өз тараптарынан өздеріне артылған міндетті атқарып шықты, әлі де атқара беруі тиіс. Бұл шығармашылық ортаға Отан алдында жүктелген перзенттік парыздары.

Бүгінде патриоттық әндер аз емес. Ол әндерді балабақша, мектеп балалары шықап жүр. Мұндай әндер әсіресе ел қорғау ісінде жүрген жастарымыз үшін аса қажет. Сол арқылы олардың бойында еліне, жеріне, Отанына деген патриоттық сезім бекіп, нығая беретін болады. Әскер жасына ілікке бозбалалардың Отан қорғауға ісіне деген құштарлықтарын оятып, жігерін қайрайды. 

Д. Асау

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...