Димаш Құдайберген «Жаңа толқын-2021» конкурсында қазылық етеді

МУЗЫКА
6741

Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтетін «Жаңа толқын-2021» халықаралық жас орындаушылар байқауында қазылық ететін болды.

Байқаудың ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Димаш Құдайберген «Жаңа толқын-2021»  байқауының ашылу құрметіне арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, конкурстың үшінші күні өтетін премьер концертке, шараның жабылу концертіне қатысады деп жоспарланған. Байқаудың ақтық сынында Қазақстан, Аустралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Нидерланд және Ресей сияқты 10 елдің жас орындаушылары бақ сынайды. 

Қазақстан атынан бұл өнер сайысына Mezzo тобы қатысады.

«Жаңа толқын-2021»  байқауы 2001 жылдан 2014 жылға дейін Латвияның Юрмала курортында өтіп келген болатын. 2015 жылдан бастап конкурс Ресейде өте бастады.

author

Димаш Құдайберген

ӘНШІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістанд...