Асқар Бисембин: Біз әйгілі хайп дәуірінде құндылығымызды жоғалтып жатырмыз...

КИНО
800

Режиссер Асқар Бисембин және продюсер Әсел Сәдуақасова осы айда көрермендер назарына Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі ажырасу және жұбайының бірінің көзіне шөп салуы тақырыбын көтеретін «Әйел кедергі емес» фильмін ұсынды. Қоюшы және сценарист өздерінің картиналары арқылы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын әзілмен көрсетуге тырысты. Өзінің картинасы жайлы және Әсел Садуақасовамен серіктестік, сондай-ақ алдағы жоспарлары жайлы «Бродвейге» берген сұқбатында айтып берді



- «Әйел кедергі емес» фильмі не жайлы?

-Бұл басқалар секілді, қарапайым өмір сүріп жатқан отбасы жайлы оқиға. Бір күні әйелі күйеуінің көңілдесі бар екенін біліп қояды. Шынымен де, ол бастапқыда бәрін жайып салғысы келеді. Бірақ, оған құрбысы өзінің некесі үшін күресуге және қарсыласына қарсы тұруға кеңес береді. Әйелі бөтен әйелмен байланысуға мүмкіндік алады және ақырындап күйеуі мен көңілдесінің арасына іріткі сала бастайды. Бұл, еш шүбәсіз, отбасы үшін шайқас. Мұны комедия деп атау қиындау, негізінен, драмеди –әзілге құрылған комедиялық мелодрама, дегенмен ой тастайтын тұстары да бар. Әйелінің рөлін Әсел Сәдуақасова, ал көңілдесін Сая Оразғалиевасомдады.

- Киноны түсіруге арналған басқа да сценарийлер болды ма? Неліктен дәл осы сценарийді таңдадыңыз?

-Бастапқыда тылсым және мелодрама элементтеріне құрылған отбасылық комедия түсіруді жоспарлаған болатынбыз. Сюжет осындай отбасылық қарым-қатынастың айналасында өрбиді, тек олар терең әрі көпқырлы болды. Бірақ маған көрермендер оны қабылдай алмайтындай көрінді. Себебі, көрермендерге ұсынуға қиын дүниелер де бар. Меніңше, әлі де уақыт керек сияқты.

- Себебі көрермендер дайын емес пе?

-Иә, себебі көрермендер дайын емес, мен дайын емеспін. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Содан кейін, мен осы идея жайлы ойладым және аз уақыт ішінде сценарийді жазып шықтым.

- «Әйел кедергі емес» фильмі қаншалықты шындық оқиғаға құрылған?

- Барлық сәйкестіктер кездейсоқтық болып саналады. Мен мұндай оқиғалар айналамызда толып жатыр деп ойлаймын. Несіне жасырайын. Тіпті, біздің кең көлемдегі ұятмендер тұратын елімізде осындай жағдайлар орын алуда. Махаббат үшбұрышының оқиғасы – классикалық. Ал, біздің фильмде көрсеткен бейнелеріміз – жинақталған бейнелер. Кейбіреулер көкесі, ағасы, әкесі, кейбіреулері анасы, әпкесі, қызы жайлы біледі. Бұл түрпідей естілгенімен, шындық оқиғалар. Неке институты қазіргі уақытта қиын кезеңді бастан кешуде. Әрбір үшінші неке бұзылуда. Сондықтан, бұл туралы көрермендерге әзілмен болса да айтарымыз бар.


- Неліктен сіз осы жолы да Әселмен жұмыс істеуге шешім қабылдадыңыз?

- Біз Әселмен әрқашан байланыстамыз. Біз әрқашан идеяларымызбен бөлісіп отырамыз және ол менің, мен оның жоспарларын біліп тұрамыз. Егер идеямыз сәйкес келмесе, бірге жұмыс істемейміз. Осы жолы жоспарларымыз сәйкес келді. Мен оған сценарийді оқуды ұсындым, себебі ол біз жобаны талқылағанға дейін дайын болатын. Оған сценарий ұнады. Мен Әселге басты рөлді және қосалқы продюсер болуды ұсынғанда, ол қуана келісті.

- Әселдің кинодағы мансабы сіздің фильмдеріңіздегі басты рөлдерден басталды деуге болады. Сіздің пікіріңізше, ол актриса ретінде қаншалықты өсті?

-Актер мен үшін дарын иесі ғана емес,сонымен қатар кәсіби маман. Ол актриса ретінде кәсіби тұрғыда тез өсіп келеді. Мәселе, адамның фильмдегі көріністе қалай ойнағанында емес, көріністен тыс қалай дайындалғанында және режиссерді тыңдауында деп ойлаймын. Сондай-ақ, менің пікірімше, осы фильмді көріп, сіздер оның қаншалықты өскенін байқай аласыздар. Бұл қиын рөл. Әсел сахнада 85-90% ойнайды. Менің оған ештеңені айтып, түсіндірмеген кездерімде болды. Бірақ, соған қарамастан, Әсел одан да жақсы ойнап шықты. Ол өзінің рөлін барынша жақсы жеткізе білді.

- Дәурен Айдарқұлов сіздің «Кинодан да артық» картинаңызда ойнаған болатын. Ол кастингтен өтті ме әлде рөл соған арнап жазылды ма?

- Ол әрдайым кастингке келіп тұрады. Мысалы, ол «Наурыз.kz» фильмінде кастингтен өтпеді. Мен бастапқыда рөлге бекіткен Кенталдан кешірім сұрағым келеді. Негізінен, ұстаным бойынша біздің барлық актерлар өзгерді. Сынама кезінде Кентал маған қатты ұнады. Бірақ, мен дарынына күмән келтірмейтін Айдарқұловтың бұл рөлге көбірек келетінін түсіндім.

- Сіз Сая Оразғалиевамен бұған дейін ортақ жұмыс істемеген секілдісіз? Онымен қалай ортақ тіл табыстыңыздар?

-Иә, мен онымен ешқашан бірге жұмыс істеген жоқпын. Мен онымен ортақ жұмыс істеймін деп ойламаған едім. Мен оқиғаны жазардан бұрын бұл рөлге бекіткен Жәния Джуринскаядан да кешірім сұрағым келеді. Ол маған қатты ренжіп қалмаған шығар және келесі жолы бірге жұмыс істеу мүмкіндігі туады деп үміттенемін. Мен сценарийді жазған кезде өмірде тәжірибесі бар адам керек деп ойладым. Жәнияның ойынына ешқандай дауым жоқ, бірақ оның көздерінде балалық аңғалдық байқалды. Сол кезде кастинг директоры маған Сая Оразғалиеваны ұсынды. Ал, мен Саяның қалай ойнайтынын көрмегеніме көп болды. Оның видеосынамаларын көріп, рөлге дәл сәйкес келетінін түсіндім. Мен біздің кастинг директорына және Сая Оразғалиеваға сабырлықтары үшін ризамын.



- Ол көңілдесті қалай ойнап шықты? Режиссер тарапынан бағыттау болды ма?

- Біз көңілдестің оқиғасын стереотип ретінде қалыптастырған жоқпыз, ол өзгенің күйеуіне көз тастайды. Мұндай кейіпкерді мен шығарған жоқпын. Ол да әйелі сияқты бұл қарым-қатынастың құрбаны. Ол да өмірде өзіндік мәселелері бар тірі адам.

- Екінші қатардағы рөлдерге актерларды қалай таңдадыңыздар?

- Фильмде жас актриса Әлия Әбітова рөлді сомдады, бұл оның дебюттік рөлі. Оның Жан Байжанбаевпен байланысы болды және «Дәмханадағы қыз» фильміне аздап ұқсайды. Марат Достаев – менің өте жақсы көретін актерім. Ол өзінің қайталанбас сырт келбетімен түрлі бейнелерді жасай алатын адам. Біз оған бізде ең сымбатты актер Тәуекел Мүслім ғана емес, Марат Достаев та бар дегенді ойлап таптық. Фильмде КВН-дегі жақсы досым Құмар Лұқпан да кішігірім рөлді сомдады. Мен тағы да бір кейіпкерді ойлап таптым және оны Махоня-Мейіржан Түребаев деп ойладым, бірақ кейіпкерді дәл оған арнап жаза алмадым. Мен оны шақырып, екеуміз бірге диалогпен жұмыс істедік. Сондықтан оған рөлді алып шығу қиынға соққан жоқ. Біз Айнұр Ильясовамен «Бажалар» хикаясында бірге жұмыс істеген болатынбыз. «Әйел кедергі емес» фильмінің сценарийі бойынша Айнұр бас кейіпкердің аспазшы болып жұмыс істейтін құрбысының рөлін сомдайды және мен оны толықша етіп елестеттім. Ал мен оны көрген кезде көңілім түсіп қалды, себебі ол өте арық болды.

- Неліктен «Қазақша ажырасуды» қалдырмай, атауын өзгертуге шешім қабылдадыңыз?

- Маған атауы ұнаған емес. Бірақ жобаға жұмыс атауын беру керек болды. Қазір «қазақша» тіркесі жағымсыз көзқарастың белгісі болып саналады. «Немістің сапасы», «жапонның технологиясы» деген кезде не туралы екенін бірден түсінеміз. Ал, «қазақша» дегенді айтқан кезде бірден жалқау, жауапсыз, қу деген түсінік қалыптасқан. Өкінішке орай, біз бұл тұрғыда ұлт ретінде өскен жоқпыз. Маған, оқыған және елінің тағдырына бей-жай қарамайтын адам ретінде бұл тіркесті мұндай мағынада қолдану дұрыс емес сияқты.Ал, басқа жағдайда, оны жүзеге асырып, насихаттау керек.

- Сіз бұған дейін сценарийді ресейлік әріптестеріңіз Василий Земзюлинмен және Николай Пакпен бірге жаздыңыз. Ал «Әйел кедергі емес» фильмінде басқа қосалқы автор. Неліктен?

- Сәкен Тоқтағұловпен «Кинодан да артық» фильмінің сценарийін бірге жаздық. Барлығы достарымның уақытының тығыздығына байланысты. Василий ресейлік «Ивановтар-Ивановтар» хикаясымен айналысуда, ал Николай өзінің жобаларымен жұмыс істеуде. Өмір бір орында тұрмайды.


- Ал сіздің хикая түсіргеніңізге көп болды ма?

-Мен хикаямен айналыспағаныма көп болды, себебі уақыт жетпейді. Алғаш рет айтқалы отырмын, мен осы жылы үзіліс жасағым келеді. Мен режиссер ретінде кино түсірмеймін, себебі бұл шынымен де қиын. Мәселе, физикалық тұрғыдан шаршауда емес, моральдық тұрғыда шаршау. Сенің көрерменге берерің жоқ, бірақ беру керек болғаны жаман. Осы жылы мен жобалардың сценаристі және продюсері ретінде ғана жұмыс істемекпін. Мені қазір қызықтыратыны да осы. Бір Құдай біледі, егер ерекше сценарий жазып жатсам, әрине оны өзім түсіруге тырысамын. Бірақ менің бірге жұмыс істегім келетін жас режиссер бар. Атын айтпаймын, себебі, оны басқалар алып қояды. Мен онымен өзімнің көзқарасыммен қуана бөлісемін. Өзім түсіргім келетін фильм бар, бірақ сценарийін жазуға асықпаймын. Бұл дара оқиға болмақ. Кейінірек театр сахнасында қоюға болатын пьеса деуге болады. Тағы да мұнда Ричард Кертистің «Болашақтың бойфренді» стиліндегі тылсым үйлесімділігі болады. Оның тылсым жағы кішкентай тұтқыштың рөлін ойнады, бұл оқиғаны қызықты баяндауға көмектеседі. Мен осындай ойындарда ойнағым келеді.

- Көрермендер «Әйел кедергі емес» фильмін неліктен көруі керек?

- Себебі оның астары тереңде жатыр. Тақырып –өзекті, ал мағынасы тереңде. Менің ойымша, қазір біз әйгілі хайп дәуірінде құндылығымызды жоғалтып жатырмыз. Егер сен хайп істемесең, сені байқамайды. Ал кейде көзге түспей өмір сүрген де жақсы екен. Бәрібір адамдар бастапқы түсініктеріне қайтып оралады. Бұл біз сақтауға тиіс құндылықтар жайлы оқиға.

 

Асқар Бисембинге сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

Сұқбаттасқан Айдана Мамаева

Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлш...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған "Шайн мускат" жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес т...