30 маусым мен 6 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында XV Халықаралық "Еуразия" кинофестива...
Перизат Қайратқа қатысты тағы бір жемқорлық факт анықталды
Фото: инстаграм @01pk
228
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды, деп хабарлайды madeniportal.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Желтоқсанда осы ақша есебінен "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды.
Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі Біріккен Араб әмірліктерінде "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды.
Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.