«Еуразия» кинофестиваліндегі қысқаметрлі фильмдер

КИНО
331


Көрмей тыңдау
Режиссер: Андреас Кесслер
Мемлекет: Германия
Бірнеше жыл бойы скрикашылар Ари мен Рон бірге тұрады. Екеуі де оркестрде жеке орындаушыны таңдайтын тыңдауға шақырылады, сөйтіп олар бәсекелестерге айналады.

Нұр

Режиссер: Гал Лин

Мемлекет: Израиль

Бірнеше жыл бойы скрикашылар Ари мен Рон бірге тұрады. Екеуі де оркестрде жеке орындаушыны таңдайтын тыңдауға шақырылады, сөйтіп олар бәсекелестерге айналады.


 Электриктің күні

Режиссер: Владимир Лещов

Мемлекет: Латвия

Шарбақтың арғы жағынан әйелді көрген кезінде электрик жазатайым жағдайға ушырайды. Ол ауруханаға түсіп, науқастардың күнделікті тіршілігіне үйреніп алады.


 Мараттың видеосы

Режиссер: Әлімжан Құдабаев

Мемлекет: Қазақстан

Марат, Қанат және Болат – орта мектеп оқушылары. Мараттың туған күніне көптен күткен планшет сыйлайды, сол планшетпен олар қатал видео түсіреді. Олардың бұл «ермектері» қайғылы жағдайға әкеледі

Күнтізбе

Режиссер: Игорь Поплаухин

Мемлекет: Ресей

Қарапайым әйел, көптің бірі. Бірақ бірнеше ай сайын оның қалыпты өмірі тоқтап қалады. Туғандары мен жақындарынан жасырып, ол ұзақ сапарғТуғандары мен жақындарынан жасырып, ол ұзақ сапарға шығады.


БЛОК 2

Күшік

Режиссер: Хесус Ривера Сориано

Мемлекет: Испания

Екі жылдан кейін арыстанның балалары- абдандар ата-анасынан бөлек кетеді. Бірақ олардың ең мықтыларының ғана есею мүмкіндігі бар.


 Түлек 97

Режиссер: Павел Остриков

Мемлекет: Украина

Фильм 20 жылдан кейін өзінің мектептегі махаббаты Люданы кездестірген жалғызбасты телевизор жөндеуші Роман туралы.

Ана

Режиссер: Абдуазим Ильхамджанов, Ботир Абдурахманов

Мемлекет: Өзбекстан

Соғыс. Алдыңғы шепте ғана емес, Өзбекстанда, шалғайдағы тылда да соғыс. Соғыс үлкен-кіші, бала, мүгедек немесе әйел деп бөлмейді. Бірақ өлімді жеңуге болады. Ол үшін тек адам болып қалу керек.


Қара таулар

Режиссер: Хоаким Ниф

Мемлекет: Ұлыбритания

Үзілген қарым-қатынастан кету үшін Айзак Валлий ландшафтарына саяхатқа шығады. Ол қажетті жерге келдім деп ойлайды. Бірақ іс басқаша бет алады.


 Көкке

Режиссер: Антонета Аламат Касьянович

Мемлекет: Хорватия, Словения, Швеция

13 жасар Юлия анасымен бірге қорлық көрсеткен отбасынан қашып, хорваттың бір аралына барып тығылмақшы болады. Юлия өзінің жан досы Аннаны іздеп, жанталасады.

БЛОК 3

Балық

Режиссер: Ян Тоомик

Мемлекет: Эстония

Әкелі-балалы екеуі балық аулауға шығады. Әкесі баласын бәріне үйретеді – көлік жүргізу, қоңыздарды ұстау, бәрін өзі істеу. Бала өзінің алғашқы балығын ұстағанда, бәрі өзгеріп сала береді.

FIFO

Режиссер: Саша Фербус, Джереми Пуфе

Мемлекет: Бельгия

«Бірінші болып келдің, бірінші болып шықтың» (First in, first out, қысқартқанда, FIFO) әдісі супермаркеттерде сөрелерді толтырғанда қолданылады. Штефан жаңа тағам өнімдерін ескілерінің артқы жағына орналастыруы керек. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен тауарлар сөрелерден алынып тасталуы керек.



 Тығылмақ

Режиссер: Венера Каиржанова

Мемлекет: Қазақстан

Екі кішкентай дос қыздың жарқын балалық шағы әрбір ересек адамдар араласқан сайын бұзылады. Шуақты күнщде олар тығылып қала алар ма екен әлде өмірдің қатал шындығы оларды да тауып алар ма екен?


 Ізгі ниетпен

Режиссер: Оливье Шаваро

Мемлекет: Франция

Махаббат оқиғасы бүкіл әлемді шулататын қорқынышты жағдайға қалай әкелуі мүмкін? Адам өлтірді деген кінә тағылған австралиялық Гейбл Тостидің оқиғасы...

Балықтар монологы

Режиссер: Суборна Сенжути

Мемлекет: Үндістан, Бангладеш

Фильм шалғайдағы қаланың жаңарып, өзгеруі және Үміт туралы.

БЛОК 4



Такси

Режиссер: Файзулло Файзов

Мемлекет: Тәжікістан

Жас таксист қылмыстық топпен келісімге келіп, бірақ соңғы сәтте оны бұзады..


 Фильм түсіру оңай емес

Режиссер: Йоханнес Бахманн

Мемлекет: Швейцария

Йогели экранда көне фильмдерді көрсеткісі келеді. Бұл оның арғы атасының ізімен естеліктер сапарына шығуға әкеледі, бұл сапар ақ-қара комик киносына ұқсайды...


 Қара үңгір құбыжығы

Режиссер: Сим Сяу Хи

Мемлекет: Малайзия

Сабақтан кейін бала өзен жағасымен жалғыз келеді. Оған жағадағының бәрі қызық. Қолындағы камерасымен ол көргендерінің бәрін суретке түсіріп, қайтыс болған анасының телефонына жібереді.

Өмір

Режиссер: Чолпонай Борубаева

Мемлекет: Қырғызстан

Әбігерсіз, жайбарақат қартайғанша өмір сүру әркімнің маңдайына жазыла бермеген. Адам өмірінің бағдарламасында өлім жазылған ба екен? Батырлардың бойында өмірді бекітітетін келешек философиясы көрініп тұрады.

Жансыз

Режиссер: Неджин Аминзадех

Мемлекет: Иран

Махтабтың ұлы Пурья, спортшы. Ол әлемдік турнирге іріктеліп алынады, келесі таңда жүріп кетуі керек. Дәл сол күін Махтабтың әкесі қайтыс болады...

БЛОК 5


Терімді қалай лақтырып тастадым?

Режиссер: Алексей Шабаров

Мемлекет: Ресей

Анасы жасөспірім баланы жүзуді үйренуге жауапкершілігі мықты жаттықтырушыға жібереді. Алғашқы сабақтардан соң ол бассейнде жеке революциясын жасады. Қарсы тұра білуге үйрену жүзуден де маңыздырақ екен

 Балық аулау

Режиссер: Узи Геффенблед

Мемлекет: Швеция

Бетти жалғыз өзі, қарны да ашқан. Балық аулаудың пайдасынан зияны көп. Бетти ерекше шешімге келеді. Бірақ табысқа апарар жолдың ауырлығы көп.


 Ана

Режиссер: Хо Сей Пенг

Мемлекет: Сингапур

Бір-бірмен араласудан қалған апалы-сіңлілі қыздар аяқ астынан пайда болған жағдайды бірге шешуге мәжбүр болады: екеуінің анасы параноидты шизофрениямен ауырады.


 Арал

Режиссер: РОРИ БИРН

Мемлекет: ИРЛАНДИЯ

Фильм биік дәрежеге жеткісі келген жалғызбасты зерттеушінің шалғай жатқан аралға барлық жағынан ауыр да эмоционалды сапары туралы.


 Жол серіктер

Режиссер: НУРЛАН ШАРИПОВ

Мемлекет: Қазақстан

Балалар ата-анасын, ата-ана балаларын түсінбейді. Олар түрлі әлемде өмір сүріп жатқан жолсеріктер сияқты. Бірақ оларға нағыз отбасы дегеннің не екенін сезінуге тура келеді.


Самал

Режиссер: Шұғыла Сержан

Мемлекет: Қазақстан

Оқуын бітіріп, туған ауылына оралған Самал, өзінен үлкен ағасының анасын жындыханаға тапсырып, қалаға көшкісі келетіні туралы біледі.



БЛОК 6

Дауыс

Режиссер: Артуран Наджафи Гол

Мемлекет: Әзербайжан

Күйеуінің қатты қорыынан ұйықтай алмаған кемпір бұған қарсы бір шара ойластыра бастайды. Бірақ ол жағдайды одан сайын ушықтырып алады.



 Қауіпті Фифи

Режиссер: Мариа Кралович

Мемлекет: Словения

Оның сұлулығы ес тандырғандай. Кішкентай ғана барда өтетін кештердің бәрі соныкі. Бірде күтпеген қонақ келіп, оның сиқырының сырын ашады.



 Әңгімеші

Режиссер: Анил Гульдоган

Мемлекет: Түркия

Жазушы Сэйт вокзалда сыпырушы болып жұмыс істейді. Бірде ол поезда көріп қалған бір әйелге ғашық болады. Содан айтып білгісіз оқиға басталады.



 Үш ай

Режиссер: Дэй-гванг Хан

Мемлекет: Оңтүстік Корея

Ұйқысыз түнде көшеде уақыт өткізіп жүріп, ол өзіне өзі қолға жұмсағысы келген әйелді кездестіреді



Толғау

Режиссер: АЯН НАЙЗАБЕКОВ

Мемлекет: Қазақстан

Фильмнің бас кейіпкері көлік апатынан кейін өзінің пәтеріне қайтып келеді. Таңертең оның көз алдына түрлі елестер көрініп, үйінен шыға алмайтынын түсінеді.



Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...