Өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
461

БҚО-да өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген 16 жастағы жасөспірімге қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.

Шыңғырлау өңіріндегі әйел өліміне қатысты тергеу сегіз айға созылды. Күдікті ретінде әйелдің 16 жастағы ұлы ұсталған. Қылмыс 2023 жылдың 18 қазанында болған.

"Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова қарайды. Сотталушы кәмелет жасқа толмағандықтан сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді. Жасөспірімге “Кісі өлтіру” бабы бойынша айып тағылған", – делінген сот хабарламасында.

Басты сот отырысының өтетін күні әлі белгіленбеген.

Жаңалықтар

Облыстық ТЖД-ның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта облыстың таулы аудандарында жағдай тұрақты, деп хабар...

Жаңалықтар

"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Өзенмұнайгаз" компаниясындағы қазіргі жағдай туралы а...