Жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан интернет-алаяқ ұсталды

Қылмыс
410

Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі жоқ пәтерлерді жалға берумен айналысқан интернет-алаяқты ұстады, – деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін де алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 22 жастағы ер адам Instagram әлеуметтік желісінде және Krisha.kz сайтында пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Күдікті алдын ала төлем алғаннан кейін клиенттердің нөмірлерін бұғаттап тастаған.

– Жалпы алғанда, ол мұндай алаяқтықтың 8 фактісін жасады деген күдікке ілініп отыр. Оның алтауы Ақмола облысының аумағында жасалған, – деді Ақмола облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ермек Манатов.

Күдіктіге қарсы ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті азаматтарды интернет желісі арқылы мәмілелер жасау кезінде қырағылық танытуға, алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге және бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша өздерінің жинақтарын аудармауға шақырады.

Жаңалықтар

TikTok-та 9 жасар қыз әскерге кетіп бара жатқан ағасымен қоштасу сәтін жариялады. Ағасының қолына сы...

Жаңалықтар

Қостанайда полиция көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz. Жол апаты 20 қарашада...