Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсе...
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанадағы арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қатысты сот тергеуінің аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі massaget.kz сілтеме жасап.
"460-тан аса автокөлікті заңсыз есепке қоюмен айналысқан ҰҚТ мүшелеріне – елордалық Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне, полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға (12 адам 3,5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 3 адам 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды) қатысты үкім шығарылды", - делінген хабарламада.
Мемлекетке келтірген жалпы шығын 1,2 миллиард теңге болған.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.