Ер адам 12 жерден пышақтаған

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
354

Алматы облысы Есік қаласында белгісіз ер адам жас жігітті 12 жерінен пышақтап өлтірді. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Белгісіз ер адам Toyota RAV4 көлігінде келе жатып, жолда 1995 жылы туған жас жігітке 12 рет пышақ сұққан. Салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиға туралы түсініктеме берді.

«Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...