Бұл туралы #НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарла...
Астанада «Eolus» қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 6 жылға соттталды
Астанадағы «Eolus» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ны тіркеген. Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін қызмет шетелдік хакерлер жасаған «energyeolus.info» платформасында көрсетілді.
Астанада ақшасын салған 535 адам анықталды.
«Сот шешімімен 187 млн теңгеге тең 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленді. Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленді, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ енді ол 5 жыл азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналыса алмайды», делінген хабарламада.