Ақтөбеде өрт сөндірушілер 11 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды madeniportal...
Бала алған жарақаттарынан қаза тапты
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Оралда терезеден 5 жасар екі бала құлады. Біреуі сол мезетте қаза тапқан, екіншісі - ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.
Бұл жағдай өткен жексенбі күні Орал қаласындағы көпқабатты үйдің бірінде болған. 5 жасар бала үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен.
Істі қазір Батыс Қазақстан облысы Полициядепартаменті қарап жатыр.
"Бала алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты. Тергеу жүріп жатыр", - деді полиция қызметкерлері. Олардың айтуынша, бір күнде мұндай жағдай екінші рет болып тұр. 7 шілде күні түстен кейін басқа көпқабатты үйдің үшінші қабатынан бес жасар бала құлап түскен.
"Бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жеткізілді. Оның жағдайы аса ауыр емес", - дейді олар.