Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газетін...
Перизат Қайраттың оқиғасынан пайда табуға тырысқан алаяқтар қандай әрекетке барды?
Фото: kaztag.kz
Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Перизат Қайраттың сұхбаты делінген ақпарат тарады. Онда ол Қаржылық мониторинг агенттігі таққан барлық айыптарды жоққа шығарған. Бұл алаяқтар адамдарды алдау үшін қолданатын фейк сұхбат, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
“Алаяқтар Перизат Қайраттың фейк сұхбатын пайдалануда” делінегн сайтты.
Посттың тақырыбы қызықты және онда Tengrinews.org қазақстандық «жаңалықтар сайтына» сілтеме жасалған. Мұқият қарасақ, сайттың домені ұлттық .kz емес, халықаралық .org екенін байқауға болады. Tengrinews жаңалықтар порталы .kz доменін пайдаланады. Қылмыскерлер неғұрлым сенімдірек болуы үшін қазақстандық интернет-басылымның басты бетін толығымен көшіріп алған.
Сұхбат мәтінінде алаяқтар «пассивті кіріс» ұсына отырып, танымал қазақстандық банктің бағдарламасын жарнамалайды. Шын мәнінде, бұл бағдарламаның қаржы институтына ешқандай қатысы жоқ, ол қылмыстық схеманың бір бөлігі.
“Киберқылмыскерлер жалған сайтта тез арада дивиденд төленетінін айтып, өтінім толтыруды ұсынады. Олардың қулығына түсіп қалмаңыз: күмәнді сауалнамаларды толтырмаңыз және оңай пайда табуды ұсынған бейтаныс адамдарға сенбеңіз” деп ескертеді жалған ақпаратты әшкерелейтін сайт мамандары
Шындығында, белсендіге тағылған айыптар жоққа шығарылған жоқ, ал ақпараттың өзі алаяқтық схеманың бір бөлігі болып саналады. Алаяқтардың көздеген мақсаты – жеке деректер бен ақша иемдену үшін адамдарды жалған сайтқа тарту.