Қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Оқиға
480

Алматыда қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Аталған жайт туралы ақпарат Telegram-дағы арналардың бірінде пайда болды.

Онда қоқыс сұрыптау кезінде "Green Recycle" ЖШС зауытынан жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны жазылған.

"Оқиға 14 шілдеде болған. Кәсіпорын жұмысшылары конвейер бөлмесінен ұд баланың денесін тапты. Нәресте қоқыс пакетіне оралған", - деп жазады паблик.

Бұған қатысты қалалық полиция департаментінің ресми өкілі пікір білдіріп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Баланың анасының жеке басы және басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, сараптамалар тағайындалды", - дейді Салтанат Әзірбек.

 

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...