Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
525

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында «Елге көмек» қорының белсенділері халықты алдап жүргенін айтты. Журналистке Ұлжан есімді алматылық келіншек хабарласып, қайырымдылық қордың ақша жинап, ол ақшаны өз мүдделеріне жұмсап жібергенін айтқан. 

«Елге көмек» қайырымдылық қоры «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сендік. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 ай көрмедік. Бірақ бір күні тағы қайыр сұрап отырғанын көрдім. Жанына барып «апа үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Ол кісі бәрінің өтірік екенін айтты», - дейді келіншек. 

Келіншектің айтуынша, қайырымдылық қоры қарияны жалдамалы пәтерге орналастырып,  3-4 айлық пәтерақысын төлеген.  Кейін мерзімі біткесін, қарияны пәтерден шығарып жіберген.

«Апаны емдеттік» деп те айтқан. Бірақ апаның айтуынша, мүлдем емдетпеген екен. Бәрін видео үшін жасаған. Поликлиникаға да видео үшін кіріп шыққан», - деді ол.

Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қорынан ресми жауап күтіп отырғанын мәлімдеді.  

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...