Бұрынғы сот орындаушы алаяқтық жолмен 6 млн теңге аударып алған

Қылмыс
566

Қостанай облысында бұрынғы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақпаратты 15 наурызда Қостанай облысының прокуратурасы таратты.

«Бұрынғы жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды», деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Бұл ақша қаражаттары – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

TikTok-та 9 жасар қыз әскерге кетіп бара жатқан ағасымен қоштасу сәтін жариялады. Ағасының қолына сы...

Жаңалықтар

Қостанайда полиция көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz. Жол апаты 20 қарашада...