Шәмші Қалдаяқов сазгер-композиторлығына қоса айтар ойын ұтқыр сөзбен жеткізетін ділмар, тіптен...
Бағлан Әбдірайымов: "Менің бір жаман әдетім бар"
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
“Жігіттер” тобының әншісі, актер, продюсер Бағлан Әбдірайымов оқырмандарымен сырласып, ішкі ойын бөлісті, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Өнер иесі тұла бойындағы бір әдетін ортаға салып, оқырмандарының ойын білді.
“Менің бір жаман әдетім бар. Қолымдағы бар нәрсені жұрттарға таратып жібере саламын. Әлде ол жақсы әдет пе? Мысалы, бір сұхбатта отырып, жүргізуші "бір кісіге көмектесе аласың ба?" деп сұрағанда, "иә, көмектесейін" дедім. Артта тұрған өзім мініп жүрген астымдағы көлігімді басып ешнәрсе сұрамай, ешкімнен ешнәрсе күтпей, бере салдым. Өзім солай көліксіз қалып, біраз жаяу жүріп қалғанмын. Бір қызығы іште сосын ешқандай өкініш болмайды”, – деп бастады әңгімесін әнші.
Эстрада жұлдызының айтуынша, жақындары мен достарын да жиі қуантып тұрған.
“Бұл – Нұрсұлтан деген жігіт. Қандай іс-шара жасасам да, көрермен болып қолдап, қалмай келіп жүреді. Оған қолымдағы сағатымды естелікке беріп жібердім. Осылай жүрген жерімде қолымдағы барын таратып жүремін. Көп адам мұны түсіне алмай жатады. Мен өз ойым: Кең болсаң, кем болмайсың. Ризықты беретін – Алла, басқа жерден де береді. Ең бастысы пейілді тарылтпасын", – деп жазды продюсер.