Астық сақтайтын қойма жарылды

Фотосурет stan.kz сайтынан алынды

Аймақтар
461

Қостанай облысында астық сақтайтын қойма жарылды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

2023 жылдан бері Жітіқара ауданы Пригородное ауылында орналасқан бұрынғы элеватыр ғимаратының иесі "Astana Business Systems" ЖШС болып табылады. Бұл туралы Жітіқара аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады. Сараптама қорытындысы бойынша қойма ғимараты қауіпті деп танылып, оны сүру туралы шешім қабылданған.

"Мамыр-шілде айларында жарылыс жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілді. Элеватор ғимаратының жарылуын "Карагандавзрывстройсервис" ЖШС жеті кезеңде тәртіппен жүргізген. 19 шілдеде "Карагандавзрывстройсервис" ЖШС "ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РМУ-дан жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алды. 22 шілдеде Жітіқара ауданы әкімдігіне бұрынғы элеватордың апатты ғимаратын жарылғыш затпен бөлшектеу жұмыстары жүргізілгені туралы хабарлама түскен. Аудан әкімдігі полиция бөлімімен бірлесе отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды жауып тастады", - делінген ведомство хабарламасында.

Демонтаждың алғашқы екі кезеңі аяқталды. Қойма ғимаратының орталық бөлігі кәдеге жаратылды.

"Жарылыс жұмыстары кезінде сирена қосылып, жарылыс тұрғындарға хабарланды. Элеватор аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі дыбыс толқыны далаға өтуі үшін ғимарат қабырғасы арнайы топырақпен көмілді", – деп қорытындылады ведомство.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...