«Орденге лайық емеспін»: Қыран Талапбек өз марапатын өзгеге сыйлады

Сурет: the-steppe.com

Қоғам
371

Қыран Талапбек әлеуметтік желіде өзінің жақында алған марапаты жайлы жазба жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz.

«Әуелі Алла, одан кейін мені қолдаган әр жанға алғысым шексіз. Еңбегімізді бағалаған Мемлекет басшысына және жұмыс істеуімізге мүмкіндік берген әр адамға алғысым шексіз. (Атын айтпасам да біледі). Бірден айтайын: бұл орденге лайыкты емес екенімді мойындаймын. Бұл менің емес, өз еңбегімен адал жұмыс істеп, адал нанын тауып журген 30 000 жас мобилограф мамандардың ордені. Бұл - менің емес, ез арманына ұмтылғысы келетін жастардың ордені. Құттықтап қолдаған әр жанға рахмет! «Лайық емес» деп наразы болғандарды да түсінемін. Артық алып бара жатқан ештеңеміз жоқ. Сондықтан орден өз иесін тапты. Орденді мен үшін ең лайықты кісі бола білген әкеме бердім», - деп жазды танымал мобилограф.

Спорт

Арменияда грек-рим және еркін күрестен өткен 37-ші әлем чемпионатында әскерилердің қоржыны жеті меда...

Жаңалықтар

Қостанай облысында полицейлер қарт адамдарға алаяқтық жолмен несие және шағын несие рәсімдеген пошта...