Бүкіл әлем тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасының басталуына небәрі он күн қалды. Тура он...
Жеңіл атлетикадан Ұлттық құрама спортшысы Олимпиада финалына шықты
Фото: kazsports.kz
335
Ұлттық құрама спортшысы жеңіл атлетикадан әйелдер арасында Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші - 9:16.46 секунд. Нора осы маусымдағы ең үздік нәтижесін жаңартты.
Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.
Жеңіл атлетикадан финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.