Бүгін «Ауыл» Халықтық – Демократиялық Патриоттық партиясы активінің жиыны өтті. Он...
Түрмеде жазасын өтеуші террорлық акт жасауға дайындалған
Фото: freepik.com
21
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Қостанай, Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан. Жаза өтеу орындарында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген. Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды»,- делінген хабарламада.