"Спорттағы жеңіліс үшін әр спортшы халықтан кешірім сұрауы міндетті емес" - Руслан Меделбек

Фото: ruslan.medelbek

Спорт
412

Журналист Руслан Меделбек Олимпиада ойындары мен спортшылар туралы Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz

Жиһангез-саяхатшы, журналист Руслан Меделбек әлеуметтік желіде спортшылар жеңіліс үшін халықтан кешірім сұрауға міндетті емес екенін жазды.

"Кеше боксшы Сәкен Бибосынов басты қарсыласы өзбек Хасанбой Дусматовтан жеңілген соң "Олимпиадаға келіп, ел намысын қорғағаныма шүкір. Бірақ ел намысын абыроймен қорғай алмадым деп ойлаймын" деп қапаланды. Өткенде Абиба Әбужақынова жеңілісі үшін халықтан кешірім сұрады". 

Руслан Меделбек боксшыларымыздың қарсыласқа есе жіберіп жатқандығын дайындықтың жоқтығынан немесе аздығынан емес, бокста жеңіс адамдардың қолында екенін де айтып өтті. 

"Бізге адам факторы араласпайтын, төрешілер араласпайтын жүзу, жеңіл атлетика, ату сынды медалі көп спорт түрлерін дамытпақ керек. Жүздің, жүгірдің, секірдің, нысанаға тигіздің жеңдің. Төрешілер ештеңе істей алмайды. Ал бокста жеңіс адамдардың қолында. Бір төреші сен 5:0 есебімен жеңдің десе, екіншісі 5:0 есебімен жеңілдің дейді. Дауласып көр...".-деп өз ойын ашық айтты. 

Сонымен қатар журналист өз жазбасында:

"Спортшылар да ет пен сүйектен жаралған жан. Жеңіліс спортшыны сан мың ойға жетелейді. Ал жұрттың, жанкүйерлердің, бапкерінің, ата-анасының қолдауы жеңілісті еңсеруге көмек болады" деп, Олимпиадада бақ сынап, жеңіліс тапқан спортшыларымызды қолдау қажет екендігін жазған. 

 

 

Жаңалықтар

Нұрбек Оралбай неге үйленбей жүргенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz nur.kz сайтына сілтеме ж...

Жаңалықтар

Павлодар облысында Орталық Азияда теңдесі жоқ алтын өндіру кәсіпорны салынады. Бұл өндіріс жылына 15...