Қоғам белсендісі, баспагер Шыңғыс Мұқан "сақал қойған" спортшыларды сынап, қоғамға үндеу таста...
"Бізге авторитет жетіспей жатыр"- Данияр Елеусінов
Фото: https: tengrisport.kz
Париж Олимпиадасында өте сәтсіз өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар қарсыласынан емес, төрешілерден жеңілді дейді Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, деп хабарлайды madeniportal.kz ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Отандық бокс саласында беделді тұлғалардың болмауынан ұйымдастырушылар тарапынан дәл осындай қиянат жасалып жатқан көрінеді.
Жігіттеріміздің бәрі осал емес, жеңіліп жатқан жоқ, жеңісті бермей жатыр. Өйткені, бұрынғы Бекет Махмұтов секілді беделді ағалар жоқ. Олимпиадада қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсету бәрінің қолынан келе бермейді. Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев секілді боксшылардың ғана қолынан келетін шығар, бірақ олар жүз жылда бір рет дүниеге келеді. Боксшыларымыз жеңілген жоқ. Бізге авторитет жетіспей жатыр, - деді Данияр Елеусінов қазақстандық жанкйүерлерге арнаған видеоүндеуінде.
Алайда, ол «беделі жоқ» деп нақты кімді меңзегені белгісіз. Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті айтты ма, әлде өзге спорт шенеуніктерін айтты ма, жанкүйерлер біле алмады.
Айта кетейік, Бекет Махмұтов Қазақстан бокс федерациясын 1998-2007 жылдар аралығында басқарған. Ол басшы болған кезде бокстан Қазақстан құрамасы екі Олимпиадаға қатысып, үш алтын медаль, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.
Еске салайық, ерлер боксынан Парижге барған жеті боксшының алтауы жеңіліп, тек 80 келідегі Нұрбек Оралбай ғана жартылай финалға шықты.