Боксшы Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасына аттанған боксшыларды сынап тастады

Фото: b.sarsekbayev инстаграм парақшасынан

Спорт
428
 

2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, боксшы Бақыт Сәрсекбаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерін сынға алды. Ол Париж Олимпиадасына аттанған құрамның дайындығына күмән келтіріп отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Skifnews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Бақыт Сәрсекбаев Олимпиадада бақ сынап жатқан боксшыларға қатысты ойын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта демалыстары қиындап, шаршы алаңда әрең жүр. Соққылары аз. Соққы комбинациясы тіпті аз. 3 минутта қанша соққы жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған маман қайда қарап жүр? Ғылыми топ қайда? Неге біздің боксшылардың демі жетіспей жүр? Неге үш раунд аяқта тұра алмайды? Бәрің шұбырып, не істеп жүрсіңдер? Бір сұрақ: әрбір боксшы лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше кездесу өткізді? Тәжірибе бар ма? Мысалы, мен жарты жылдың ішінде 22 кездесу өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті!", - деді Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, бүгін 57 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Махмұд Сабырхан қарсыласына есе жіберді. Оған дейін құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарыс жолынан шығып қалды. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...