Тапанша атудан отандасымыз 6-орынға табан тіреді

Фото: https: www.nur.kz

Спорт
201

Бүкіл әлем көз тіккен Олимпиада ойындарында қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында бақ сынады, деп хабарлайды madeniportal.kz

Никита Чирюкин тапанша атудан (25 м) іріктеу кезеңінің бірінші айналымында бақ сынап, 293 ұпай еншіледі. Нәтижесінде отандасымыз 29 спортшы қатысқан жарыста 6-орынға табан тіреді.

Үздік шыққан 6 мерген финалдық кезеңге жолдама алады. Іріктеу кезеңінің бірінші айналымында сәтті өнер көрсеткен спортшымызға сәттілік тілейміз!  

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто Олимпиада финалына шықты. 

Сондай-ақ 4 тамыз күні Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түсетінін жазған болатынбыз. 

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...