Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын "...
"Маған берілген қаражатты қайда жаратам, бұл менің жеке өміріме қатысты дүние деп ойлаймын" - Елдос Сметов
Фото: sportishka.com
Олимпиада 2024 чемпионы Елдос Сметов жеңісі үшін мемлекет тарапынан қанша қаражат алатыны айтылған болатын. Енді Елдос Сметов Париж олимпиадасында алтын жүлде жеңіп алғаны үшін мемлекет тарапынан және жергілікті үкімет тарапынан берілетін қаражатты қайда жұмсайтындығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz stan.kz тілшісіне сілтеме жасап.
“Әр спортшының арманында – артынан жақсы бір мектеп ашып қалдыру деген ой болады . Қызмет жасап, жинаған тәжірибені бөліскенге не жетсін!? Әртүрлі деңгейде беріліп жатқан қаражат бар. Әр адам өзінің істеп жатқан жұмысы үшін қаражат алады. Маған берілген қаражатты қайда жаратам, қалай жаратам, не істеп жаратам бұл менің жеке өміріме қатысты дүние деп ойлаймын. Бұл менің төртжылдық еңбекақым деп есептеймін. Әр адам жалақысын алу үшін еңбектенеді және ол жалақасын қайда жұмсаса да өзі біледі” – деді дзюдо күресінен шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы.
Айта кетейік, Елдос Сметов Париж олимпиадасында 60 келі салмақта топ жарып, дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы және үш олимпиада жүлде алған алғашқы қазақ атанған еді.