Қапшағайда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қыз табылды

Қапшағай су қоймасы

Жаңалықтар
340

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасындағы мәліметке сүйенсек, бүгін Қонаевта 2015 жылы туған қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. 

Ол туыстарымен демалыста болған. 

“Жедел-құтқару жасағының күшімен жоғалған қыз табылып, ата-анасына берілді. Балаға медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады", - деді ведомствода. 

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында отбасымен және достарымен демалып жүрген азаматты су алып кеткенін жазған едік. 

“1961 жылы туған ер адам отбасымен және достарымен Қаскелең өзенінің жағасында демалып жатқан. Ол шомылуға бел байлап, суға кірген, бірақ тау өзенінің қатты ағысы оны алып кеткен. РЖҚЖ жедел тобы ер адамның денесін болжам бойынша құлаған жерінен 1 шақырым жерден өзеннен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды", - делінген ҚР ТЖМ РЖҚЖ хабарламасында.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...