«Отырсаң - опақ, тұрсаң - сопақсың»: Ерке Есмахан хейтерлерге қыр көрсетті

Ашық дереккөзден алынған

Шоу-бизнес
313

Танымал әнші Ерке Есмахан жұлдыздардың жеке өмірін түртпектеп, сыннан өзгені жазбайтын желі қолданушылары жайлы айтты, - деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әлеуметтік желіде әншімен сырласқан оқырманы "Халық хейтке жатып алған. Адамдарға неге дым ұнамайды?" деп сұрақ қойған екен. Әнші осы мәселеге қатысты парақшасында жазба қалдырды. 

"Қазір отырсаң - опақ, тұрсаң - сопақсың. “Неге қасында, неге артында” деп кез келген нәрсені іліп әкетеді. Бұл елге алтын әкеліп, елдің атын шығарып әнұранды шырқатсаң да жақпайсың", - деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сондай-ақ ол бұл мәселеде қандай қадамға бару керегін де түсіндірген.

"Айтарым, хейтке немесе біреудің сөзіне жүйке құртуға болмайды. Өз қалауыңмен, өз рахатыңа өмір сүр. Анау-мынау сөзден аса алмай жүрген жандар болса, міне, сіздерге үлкен сабақ. Сөз ешқашан бітпейді!" - деді әнші. 

 

9d9adbe4b7a708406e67bc20fe3a8401.jpg

Қоғам

Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жүрген блогер Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева күйеуі тур...

Жаңалықтар

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан 21 жастағы лейтенанттың м...