Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариғамен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлады madenipor...
Баян Мақсатқызы Бишімбаев соты туралы кино түсіріп жатыр
Фото: inbusiness.kz
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы азаматтық некедегі әйелін қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс экономика министрінің соты негізінде жаңа "Жалғыздық" деп аталатын фильм түсірмекші, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Баян Мақсатқызы осыған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" фильмін түсірген болатын. Танымал кино продюсердің сөзінше, түсіріліп жатқан жаңа фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін.
"Фильмнің аты – “Жалғыздық” деп аталады. Бірақ атын өзгертетін шығармыз. Түсірілімдегі атауын осылай деп қойдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" фильмін түсіргенімді білесіздер. Содан Асқар Ұзабаев екеуміз осындай трилогия, яғни, осы тақырыпта үш фильм түсіреміз деп шештік. Оған қайта оралу қаншалықты қиын екенін білеміз. Бірақ әйелін ұрып өлтірген экс-министр Бишімбаевтың әрекеті, оған қатысты сот процесі қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл тақырып әлі күнге дейін елімізде өзекті екенін көрсетті. Бір дүние шығармас бұрын, 10 рет ойлану керек. Ал бұл фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін. Көрермен жинайтын жақсы туынды болмақ. Біздің көрермен түрлі фильмдерді көруге дағдылануы керек", – дейді жоба авторы.
Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қозғалғаннан кейін қазақстандықтардың көзайымына айналған прокурор Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды.