Қызылорда облысында ата-аналар вакцинаға қарсылық білдіруде

Фото: gtrkvainah.tv

Қоғам
980

Қызылорда облысында жұқпалы ауруларына қарсы вакцинаны балаларына салғызуға қарсы ата-аналар қатары артып келед, деп хабарлайды madeniportal.kz

 

Биыл бұл облыста жұқпалы аурулар белең алған. Былтыр көкжөтел мүлдем тіркелмесе, биыл 116 жағдайы анықталыпты.

«Оған азаматтардың инфекцияға қарсы екпе алмауы басты себеп болып отыр. Көкжөтелмен сырқаттанған балалардың 80-90 пайызы вакцина алмаған. Рас, көкжөтел аса бір қауіпті түрі саналмайды, Дегенмен балаларда өте ауыр жағдайда өтеді. Жөтелгенде бала тыныс ала алмай, тұншығып қалады. Бұл мәселеге немқұрайдылық танытуға болмайды. Оған қоса гепатиттің А түрі де бала денсаулығы үшін қауіпті. Сондықтан да ата-аналардан дәлелсіз ақпараттарға сенбеуін сұраймыз», дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанованың айтуынша, тұрғындар арасында екпеге қарсылық жағдайлар кейінгі кезде жиі тіркеледі.

«Облыс бойынша қызылшаға қарсы екпеге 1600-ден астам баланың ата-анасы қарсылық білдірген. Оның ішінде 600-і Қызылорда қаласында тұрады», - дейді Мая Мирзанова.

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...