Өрттен кейінгі суреттер жарияланды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
926

Астанада элиталық "Rixos Khan Shatyr Residences" ғимаратының өрттен кейінгі суреттері жарияланды. Елорда әкімі пәтерлердің қазіргі жағдайын көрсетті, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

22 маусымдағы өрттен зардап шеккен "Rixos Khan Shatyr Residences" ғимаратының суреттерін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жариялады. 

Фотосуреттерде тұрғын үй кешенінің қаптамасы қатты зардап шеккенін көруге болады. Өзге де суреттерден пәтерлердің қандай жағдайда екені көсетілген.

"Қазір сарапшылар техникалық қорытынды береді, содан кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қаламыздың Төтенше жағдайлар департаменті  анықтайды", - деп түсіндірді елорда басшысы.

Еске салсақ, Астанада "Хан Шатыр" сауда орталығының маңында тұрғын үйден өрт шығып, 8 адам эвакуацияланған болатын.

 

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...