«Дауыс берілмеді, әділетсіз өтті»: Баян Алагөзова «Қазақ аруы-2024» байқаудың шынайылығы туралы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
964

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы “Қазақ аруы” байқауындағы олқылықтар туралы айтты, деп хабарлады madeniportal.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Медиа маманы дауыс әділ саналмады деген пікірді жоққа шығарды.

“Байқау біткеннен кейін түсінбеушілікке тап болдық. Адамдар әділ өтпеді, дауыс беру боты жұмыс істемеді деп жатыр. Дауыс берушілер саны өте көп болды. Telegram ресми парақшасының өзі бізге адамның көптігінен бот жүктеліп жатқанын хабарлады. Біз барлығын хаттамаға енгіздік. Дауыс беру ашық әрі өткені жайлы дәлел бар. Байқау өткен залда интернет дұрыс істемеді. Ондағы халық, яғни 700 адам дауыс бере алмады. Бірақ қалған 65 мың адам дауыс берді», – деп түсіндірді продюсер.

Сондай-ақ арулар төңірегіндегі байқаудың арты үнемі дауға ұласатынын да ажсырмады.

“Осындай шараға қыруар ақша жұмсап, жеңісті біреуге алып беру бізге қызық емес. Ондаймен айналыспаймыз. Жеңімпаздарды сөкпейді. Адамдар неше түрлі пікір айтады. Байқаудың әділ өтпеуі бойынша жыл сайын маған айып тағылады. Бізде барлық дәлел, хаттама бар», – деді Алагөзова.

Жаңалықтар

Елордада мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаев атындағы көше пайда болды. Бүгін аталған к...

Жаңалықтар

Америкалық рэпер P. Diddy-ге (шын аты — Шон Комбс) ауыр айыптар тағылды. Адвокат Тони Базби му...