"Бірінші арна" операторы Димашқа тіл тигізді деген шудан кейін әншінің фанклубы оқиғ...
Актриса Фариза Ескермес ұлты орыс күйеу жігітінен мәһрге не сұрады?
Фото: persono.kz
Актриса Фариза Ескермес ұлты орыс азаматына тұрмысқа шығып, мәһрге қымбат автокөлік сұрады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Өнер иесі үлкен тойдың қай уақытта болатынын ашық айтты.
"Осы тамыз айының 31-і күні жігіт жақ жасайтын той болады. Қазір соған қызу дайындық үстіндеміз", - дейді.
Актриса ұзату тойының дәстүрге сай жөн-жоралғылармен өтуін ата-анасы бастан ескерткенін де айтып өтті.
"Ата-анам әу баста ұзату тойды өзіміз жасайтын болғандықтан, қазақы дәстүрде болады деп ескертті. Соған сай ата-енем де құлағыма сырға салып, қалыңмал беріп, әдептен озбады.
"Әрине, орыс халқында ондай дәстүр жоқ болғандықтан, алдын ала Андрейге ата-салттан аттамайтынымды, сондықтан міндетті түрде қалыңмал алып келу қажеттігін айттым. Ол ешқандай қарсылық жоғын алға тартып, қалыңмал құнын айтқанымыздай алып келді. Біраз қомақты қаржы алып келді. Бірақ оны айта алмаймын".
Фариза Ескермес адамдардың сөзіне мән бермейтінін және кейінгі уақытта белсенді қойылып жүрген "мәһрге не алғаны" туралы ақпаратпен де бөлісті.
"Мен көлденең сөзге мән бермейтін адаммын. Мәһрге Гелендваген сұраған едім. Бұйырса, алып берем деп отыр".