Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріндегі жақсы жаңалықты жария етті, деп жазады madeniportal.kz тіл...
"Бірнеше диагноз болса да": актриса Дариға Бадықова денсаулығы сыр бергенін айтты
Дариға Бадықованың инстаграм парақшасынан
Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында ауруханада түскен суретін жариялап, ерекше жазба қалдырды.
Актриса көпшілікті барынша ауырмауға тырысуға шақырды.
“Бірнеше диагноз болса да, "қойшы, мен осылай ауырамын ба?" дедім.
Айтайын дегенім, кейінгі кезде ел аман, жұрт тыныш болса да қиын емес дүниелерді қиындатып жібердік. Кей адамдарға жерді басып жүру де міндет болды. Тым көкіп кесірленбейік! Әр түрлі коучтарды тыңдап құтырмайық" – деп жазды өнер иесі.
Сонымен қатар кино жұлдызы адамдардың мінез-құлқына қатысты ойын айтты.
“Одан кейін түсінгенім өзің қара күштің адамысың. Қасыңда мықты көмекшілер болу керек! Күштің адамы күшсіз адамға талап қойғанда ана адам есінен танады. Күшсіз адамның айтар сылтауы көп болады. Ісі ұзақ бітеді. Шайнап жүретіндер де жүйкеңді алады екен", - деп жазды Бадықова.