Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Әлішер Кәрімов өнердегі әріптесі Димаш Құдайбергенмен бүгінде неге...
“Жұмысы да, үйі де жоқ жігітке тұрмысқа шықтым": Жазира Байырбекова желіде жан сырын ақтарды
Жазира Байырбекованың инстаграм парақшасынан
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова желіде жеке өмірі туралы жан сырын ақтарып, қалай тұрмысқа шыққанын айтты. Өнер иесі жолдасының үйі, жұмысы жоқ екеніне қарамастан, оның өмірлік жары болуға келіскенін жеткізді.
Жазира Байырбекова алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алып, Instagram-дағы парақшасында қыздар қауымына кеңес берді. Эстрада жұлдызы отбасын құрарда жолдасының жағдайына қарамағанын айтты. Сөзінше, жолдасы екеуі барлық қиыншылықтан бірге өтіп, үлкен жетістіктерге де бірге қол жеткізген. "Қыздарға қандай кеңес бересіз?" дейді. Біздің тәжірбиеміз қазіргі жастарға өтпейді.Әр заманның өз талабы бар. Мысалы мен жұмысы да,үйі де,атағы да жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Бәріне бірге жүріп жеттік. Қазір үйі бар ма, бизнесі, жұмысы бар ма, мамандығы қандай, әке-шешесі немен айналысады бәрі маңызды дейді. Қайсысы дұрыс нақты білмеймін. Бірақ махаббат бірге тұрғанда сыйластыққа,достыққа,бауыр басуға айналмаса өшіп қалады. Махаббат та, байлық та, атақ-даңқ та жоғалуы мұмкін. Тек мейірімді адамның мейірімділігі жаныңда қалады", - деп жазды әнші.