Арман Әлменбет танымал әншіні жазғырған желі қолданушыларын тыйып тастады, деп жазды madeniportal.kz...
Балжан Бидаш той көйлегін таңдап жүр
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріндегі жақсы жаңалықты жария етті, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Өнер иесі әзілкеш Жахан Отарғалиевтен ажырасып кеткен еді.
“Сәлем, достар! Осы уақытқа дейін Алматыда күнде жаңбыр жауып, салқын боп тұрды. Бірақ дәл қазір 30 градуста көшеде асығып кетіп бара жатырмын. Өйткені бүгін той көйлегін таңдаймын, таңдаймыз ашығы. Солай, бақытты болып кетіп бара жатырмын. Мені күтіп тұр арғы жақта. Қалай ойлайсыздар, той көйлегі не үшін, кімге? Сіздерге осындай сұрақ бар", – деді Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оқырмандарын алаңдатып қойған эстрада жұлдызы "Сен алдандың" деген жазумен құрбысы, актриса Фариза Ескерместің тойына дайындалып жатқанын көрсетті.
"Гүлді сен аласың деп мені тұрмысқа асықтырып жатыр", – деді Балжан Бидаш.
Кадр сыртында Фариза Ескермес те "бұйырса тойымызда гүлді сен қағып аласың және келесі той сенікі болады. Сен де сенің пікіріңді, таңдауыңды, шығармашылығыңды сыйлайтын жігітті кездестіресің" деп тілек айтты.